Жаңалықтар

Туған өлкенің тұнған шежіресі

Баспасөз — 2022

Назира ҚОЖАХМЕТОВА,

Әйтеке би аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы.

Мамандығым кітапханашы болғандықтан, жұмысым кітаппен, газетпен тікелей байланысты. Республикалық газет-журналдармен қатар, өлкеміздің шежіресі саналатын «Ақтөбе» газетіне жазылып келе жатқаныма 30 жылға жуық уақыт болды.Әйтеке би аудандық балалар кітапханасында 1991 жылдан бастап еңбек етіп келемін.

Біздің кітапханада «Ақтөбе» газетінің соңғы үш жылда шыққан нөмірлерінің тігінділері сақталған. Жұмыс барысында газет тігінділерін жиі пайдаланамыз. Балаларға арналған «Балдырған» бетіндегі әңгіме, сөзжұмбақ, жаңылтпаштарды балалар сұрап алады. Ал газеттегі тарихи-танымдық мақалаларды көрме ұйымдастырған кезде пайдаланамыз.

Ұжым қызметкерлері де газетпен тығыз байланыс орнатқан. Кітапхана ішінде ұйымдастырған шаралар, байқаулар туралы хабарларды жіберіп тұрамыз.

Барлық адамзат зейіні, көңілі әлеуметтік желіге ауған заманда кітап, газет оқитын оқырман саны азайғаны рас. Бірақ бұл көзі қарақты оқырман жоғалды дегенді білдірмейді. Газет пен кітап әлі талай ғасыр жасай бермек.

Ғасырға жуық тарихы болса да оқырманын еш жалықтырмайтын облыстың бас газеті ұзақ жасаса екен деген тілегім бар. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button